Жауапты қызмет басшылар тыңдалды

0
94

             Аудан әкімі С. Аманбаевтың төрағалығымен жылыту маусымының өту барысы және ауданның жолдарын қардан тазалау, санитарлық жағдайы пысықталды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев, аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Нұғманова, кент әкімі Қ. Нұралы, бөлім мен мекеме басшылары қатысты.

Жиында 2023 жылға жылыту маусымының өту барысы, жылу қа­зандықтарының жұмысы таныстырылып, аудандағы тұрғын үйлер мен әлеу­меттік-мәдени нысандардың жы­лыту маусымының жай-күйі ту­ралы баяндалды. Сонымен қатар, аудандық санаттағы жолдарды және ауылішілік жолдарды қыста күтіп ұстауға жауапты мердігерлердің жұмысы және аудандағы жекелеген ауылдық округтердің санитарлық жағдайы хабардар етілді.
Жиын соңында аудан әкімі, күн тәрбібіндегі бірінші  мәселе, яғни қыс пен көктем мезгілінде көп қабатты тұрғын үйлер мен аудандағы жылыту жүйелерінің жағдайын басты назарда ұстау  керектігін айтып, екінші мәселе  жөнінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілеріндегі қар мен мұз шөгінділерінен және күпсек қардан тазартып отыруды, көктайғаққа қарсы инертті материалдарды шашып отыруды, тас жолдардағы қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету  бағытындағы іс-шаралар кешенін тиісті деңгейде жүргізуді тапсырды.

                                                                                                                                  ТЕМІР ГАЗЕТІ.