Газ нысандары жөнінде жиын өтті

0
83

Аудан әкімі С. Аманбаев газ құбырлары мен олардың  нысандарын республикалық меншікке беру және өзге де газ объектілеріне қатысты сұрақтар бойынша жиналыс өткізді.
Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев, Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Қ. Нұралы, Жақсымай ауылдық округінің әкімі Р. Құдайбергенов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н. Адаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Балмағанбетов, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы Темір газ учаскесі басшысы Т. Молдашев қатысты.

Жиналыс    барысында    М. Балмағанбетов,     Т. Молдашев,    Қ.  Нұралы     және               Р. Құдайбергенов газ құбырларының жай-күйі бойынша сөз сөйледі. Жиын соңында аудан әкімі, Қ. Нұралы мен Р.Құдайбергеновке, Шұбарқұдық ауылдық округіндегі 6 және Жақсымай ауылдық округіндегі 1 газ құбырларының меншікті құжаттарын жасақтап,            І-ші жартыжылдық ішінде балансқа беруді тапсырды. Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау – аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаевқа жүктелді.

                                                                                                                                ТЕМІР ГАЗЕТІ.