Жыл қорытындысы мен азаматтардың банкорттығы туралы заң жобасының тетіктері талқыланды

0
72

    Аудан әкімі С. Аманбаевтың төрағалығымен ауданның 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аудандық бюджеттің атқарылу қорытындылары сараланып, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын іске асыру тетіктері талқыланды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары Ж. Қойшыбаев пен  Н. Көшекбаева, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Жиында «2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму және аудандық бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы»  аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н. Адаев пен «Аудан тұрғындарының төлем қабілеттілігін арттыру және жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды жүзеге асыру мақсатындағы шараларды ұйымдастыру туралы» Темір ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы С.Айжарықовтың баяндамалары тыңдалды.
Күн тәртібіне шығарылған мәселе бойынша баяндамаларды тыңдалған соң аудан  әкімі,  С. Айжарықовқа округ әкімдерімен бірлесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңының тетіктерін түсіндірудің кешенді жоспарын іске асыру бағытындағы іс-шараларды қарқынды жүргізуді тапсырды және аталған тапсырмалардың орындалуын бақылауды  орынбасары Ж.Қойшыбаевқа міндеттеді.

                                                                                                                                  ӨЗ ТІЛШІМІЗ.