СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

0
126

26 қаңтар күні Темір аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “СММ және мобилографияның жаңашылдығы” тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Шараның басты  мақсаты— жастар ұйымдары және мемлекеттік мекеме жұмыстарының жүйелі түрде ақпараттандырылуында әлеуметтік желінің маңыздылығын түсіндіру және оңтайлы тәсілдерін үйрету.

Шара барысында, әр мекеменің инстаграм парақшасына талдау жүргізіліп, жіберілген кемшіліктер түзетіліп, оңай әрі тиімді тәсілдер ақпараттандырылды.

Семинар соңында ұйымдастырушылар тренингке  қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

                                                                                                                                        Темір газеті.