Өнегелі өмірбаян
Төленов Іңірбай Әшімұлы — 1924 жылы 30-шы сәуірде дүниеге келген. Ол 7-кластық білімнен кейін 13-шісі наурыз айынан бастап, тамыз айының 12-сіне дейін 1942 жылы 17-ші Шұбарқұдық жол дистанциясындағы Орынбор ПЧ- теміржолына жұмысшы қызметін атқарып жүргенде, 1942 жылы 18- жасында Совет армиясы қатарына алынып соғысқа аттанды. Содан 4-ші Украина соғысынан бастап 1945- жылдың 9-шы мамырына дейін неміс басқыншы әскерімен алғы шепте байланысшы болып соғысса, жеңістен кейін «Жапон» соғысына кіреді. Екі бірдей зұлмат соғысты басынан өткергеннен кейін 1946-жылдың тамыз айында елге аман-сау екі ағасымен оралады.
Темірден соғысқа үш ағайынды үлкені Сарсен, Сәуірбай ағаларымен аттанған болатын. Елге оралған соң ту-талақайы шыққан туған жерінің гүлденуіне маңдай терін сарп етті. Теміржол, мұнай саласында да еңбек етіп омырауына орден жапқан Еңбек ері елеулі жан болды. Соғыс алдында еңбек еткен теміржол саласына 20-шы Шұбарқұдық жол дистанциясына Орынборға қарасты еңбек майданына араласады, отдел кадрлық жұмыс атқара жүріп, сырттай орта білім және Рига қаласынан саудалық оқуын Ақтөбе кооперативтік техникумын бітіріп, 1-шілде 1953 жылдан Шұбарқұдық ОРСНОД-14 Гурьев бөлімшесіне қарасты сауда саласының бастығы қызметін атқарады. Елді тамақпен, киіммен, жұмыспен қамтамасыз етеді, ол кез соғыстан кейінгі ең ауыр кездер еді. 1972- жылға дейін абыройлы жұмыс атқарды, темір жолда қиын да, нәтижелі ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, еңбек сіңіреді. 1972-жылы аудан құрылғаннан кейін Темір аудандық Нефтебазасына– Ойыл, Темір, Байғанин аудандарының – қамтитын директоры болып тағайындалып 1981-жылдың шілде айына дейін абыройлы қызмет атқарып өмірден өтті.
Төленов Іңірбай Әшімұлы 1941-1945 жылы «За победу над Германией в Великой Отечественной Войне», «За победу над Японией», «Ұлы Отан соғысына 20ж, 40ж, 50 жылдық Жеңіс медальдарымен марапатталған, «За долголетний добросовестный труд», «Ветеран труда», «Победитель Социалистических соревнований за 1973-1974 годы», «Ударник Комунистического труда» сол сияқты әр түрлі грамота, орден, медальдарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталған. Жұбайы Төленова Жамила Шәріпқызы сауда орындарында көп жыл бойына қызмет атқарған, екеуі 13-балалы болып, 5-еуі шетінеген, 8-ін тәрбиелеп өсіреді. Қазіргі таңда олар әр түрлі салада қызмет атқарады, олардан тараған немере, жиен, шөберелері әр қалада қызмет бабында Шұбарқұдықта, Ақтөбе, Оралда тұрады, жолдасы-Жамила Шәріпқызы-3ші дәрежелі «Ана –даңқы» орденімен марапатталған.
Әкесі Төленов Әшім -1886 жылы туған. Өмір бойы соғыс жылы да, одан кейінде мал баққан шаруа адам болған. Еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін ол «1941-1945» жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін медалімен наградталды. СССР жоғарғы Советі Президиумының 1948 жылы 23-ші июльіндегі Указы бойынша «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді. «Ленин орденімен» 2 рет марапатталған және соғыстан кейінде бірнеше рет сыйлықтарға ие болды. «Қазақстандық Социалистік Еңбек ерлігі» — кітабының 1- ші томында 167-ші бетте жарияланған. Әке туралы өмірбаян жазған баласы — Төленов Серік Іңірбайұлы 31.05.2021 жылы дүниеден озды.
Ж. Нағметқалиев.