ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

0
78

Ағымдағы жылдың 24-қаңтар күні Ақтөбе облысының білім басқармасының Темір аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысының жобасы аясында «Облыс әкімі кубогының» аудандық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.

«Облыс әкімі кубогының» аудандық пікірсайыс турнирі нәтижесінде : Жүлделі І орынды -Еңбекші МБ «Ақиқат» фракциясы-Қыдыр Айзат пен Маренов Әлихан иеленсе, ал  ІІ орынды -Н.Байғанин МБ “Be a legend” фракциясы- Жеңіс Қанаш Гүлім мен Бауыржанқызы Мақпал мараппаталды.  Дебаттық турниерде ІІІ орынды -Қопа ЖОББМ «Заман біздікі» фракциясы-Боқатов Әли мен  Нармағанбетова Ботагөз иеленді.

Ойынға 9 мектептен 9 фракция қатысты. Барлық команда жетекшілері мен фракциялар білім бөлімінің алғыс хатымен және «Аманат» партиясының шағын сыйлықтарымен марапатталған болатын.

                                                                                                                                     Темір газеті.