Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы

0
48

      20 қаңтар күні  7-8-ші сынып  оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының екінші (аудандық) кезеңі өткен болатын.

Биология пәні бойынша  8 сынып оқушылар арасынан І орынды Шұбарқұдық гимназиясының оқушысы Нұрланов Ералы жеңімпаз атанды.

Физика пәні  бойынша 7 сыныптан ІІІ орынды  №4 ШЖОББМ оқушысы Андрей Нұршуақ  иеленсе, 8 сыныптан  І орынды  №1 ШМГ оқушысы Насан Омар иеленген болатын.

География пәні бойынша  7 сыныптар арасында  І орынды  №4 ШЖОББМ оқушысы Серікқалиев Санжар иеленсе,  ІІІ орынды   №1 ШМГ оқушысы Мұратова Жанель жеңімпаз атанған болатын.

Мектеп оқушыларын жетістіктерімен құттықтаймыз! Алар асуларын көп болсын.

                                                                                                                             Темір газеті.