ҚР чемпионатына жолдама

0
48

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 24-28 аралығында Еркін күрестен 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Ақтөбе облысының чемпионатында Темір  балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары өз бақтарын сынап, төмендегідей нәтиже көрсетті: Жарасов Азамат 60кг салмақта 1 орынды иеленсе, 71кг салмақта 1 орынды Серік Сәбит жеңімпаз атанды.  Жас спортшыларымыз  ҚР чемпионатына жолдама алды. Алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз. Алар асулары көп болсын.

Еркін күрестен U-15 және U-17 арасындағы Ақтөбе облысының чемпионатында сонымен қатар, жас спортшыларымыз 2008-2009 жылы туған жасөспірімдерде өз бақтарын сынаған болатын.  Жарыста орын алғандар спортшыларымыз:  Асылханов Әлфараби ІІ орын иеленсе,  Кенаш Мұрат ІІІ орын, Ерболат Дарын ІІІ орын, Сергей Саламат ІІІ орын, Сайлау Нұржол ІІІ орын, Мұрат Дәулет ІІІ орын иеленді.

Жарыста жеңген спортшылармен жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз.

                                                                                                                                       Темір газеті.