Жастармен кездесу

0
52

        «AMANAT» партиясының Темір аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес, коворкинг орталығында «Jastar ruhy» жастар қанатының мүшелерінің алдыңғы топ өкілдерімен кездесуі өтті.  Отырыс барысында қатысушылар өздерінің жазған шығармаларымен бөлісті. Шараға жиналған өлеңсүйер қауым қазіргі жастар арасындағы мәдениеттің дамуы, жастардың үлкен реформалардағы қоғамдық және саяси рөлін күшейту туралы  ой бөлісті. 

Бұл жастардың модернистік жағдайларға бейімделу деңгейінің  жоғары болуымен немесе жаңашылдыққа деген ұмтылысымен байланысты. Сондықтан олар қоғамдағы өзгерістерден шеткері бола алмайды. Яғни қоғамның өркендеуі, дамуы, болашаққа деген айқын және сенімді көзқарасының орнығуы — осы қоғамдағы жастардың мәдени-әлеуметтік концепциялық сипатымен байланысты.

                                                              «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалы.