Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін көтерілмейді

0
93

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды, ол 2022 жылғы 1 қыркүйектегі ҚР Президенті жолдауында ұсынылған бірқатар әлеуметтік шараларды қамтиды.

Соның бірі – әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтуды тоқтата тұру. Заңға сәйкес, 2023-2028 жылдар аралығында әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгермейді және 61 жасты құрайды. Заң 2023 жылы күшіне енеді.

Пенсионный возраст женщин не будет повышаться до 2028 года

Президент подписал Закон РК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной молодежной политики и социального обеспечения», который предусматривает ряд социальных мер, выдвинутых Президентом РК в своем послании от 1 сентября 2022 года.

Одна из них – это приостановление повышения возраста женщин для выхода на пенсию. Согласно закону, с 2023 по 2028 год, пенсионный возраст женщин не будет меняться и составит 61 год. Закон вступает в силу с 2023 года.