Келісімшарт бойынша әскери қызмет
Келісімшарт бойынша әскери қызмет- бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, кәсіби өсу келешегін беретін, әскери қызметкерлердің өзінің, оның отбасының әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ететін абыройлы жұмыс. Келісімшарт бойынша әскери қызмет ерікті түрде негізделеді. Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 38-бабы, 32 бабына және Қазақстан Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген ҚР Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметті өткеру Ережелерінің талаптарына және ҚР ҚМ 2019 жылғы 13 қараша №910 бұйрығының талаптарын орындау мақсатында Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы әскери бөлімдерге қызметке (жұмысқа) запастағы офицерлерді, сарбаздар және сержанттар құрамындағы бос лауазымдарға қызметке шақырады.
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің арнаулы мақсаттағы Астана қаласында орналасқан бөліміне запастағы офицерлер, сержант және сарбаздар құрамындағы бос лауазымдарға жұмысқа шақырады. Ай сайынғы жалақсы 200 000 мың теңге және бір адамға ағымдағы тұрғын үй төлемі Астана қаласы бойынша төленеді. Келісімшарт бойынша үміткерлерді спорттық дәрежелері, орта, арнаулы орта немесе жоғары білімі, жүргізуші куәлігі В,С; В,С,Д; В,С,Д,Е; санаттары бар, жасы 28-ден аспаған, дене бітімі саптық тұрғыдан жақсы дамыған, бойы 180 см төмен емес болуы қажет.
23366 әскери бөлімі Астана қаласы, 44293 әскери бөлімі Семей қаласы, 29219 әскери бөлімі Алматы қаласы, 15855 әскери бөлімі Қарағанды қаласы, 65155 әскери бөлімі Семей қаласы, 35804 әскери бөлімі Тараз қаласы, 34634 әскери бөлімі Атырау қаласы әскери бөлімдеріне сарбаздар мен сержанттар құрамына бос лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін үміткерлер келесідей талаптарға сәйкес болуы қажет:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
- Әскери қызметін өтеп келген;
- Жасы 19 жастан 32 жасқа дейінгі азаматтар;
- Білімі- орта, арнаулы орта, жоғары;
Келісімшарт бойынша қызмет ету мерзімдері – 3 жыл, 5 жыл, 10 жыл және шектеулі жасқа дейін. Келісімшарт бойынша әскери кіру үшін кандидаттарды іріктеу мынадай тәртіппен жүргізіледі. 1)келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін қажетті құжаттарды қабылдау; 2) медициналық куәландырудан өту; 3)дене дайындығы деңгейінің сәйкес келуін айқындау; 4)кәсіби даярлық деңгейін және тағайындау үшін қаралып отырған әскери лауазым әскери-есептік мамандығының (білімнің) сәйкес келуін айқындау; 5)психологиялық тұрғыдан жарамдылыққа тексеруден өту. Сол мамандардың сынағынан сүрінбей өтіп, Қарулы Күштер қатарына өз ісінің шебері бола алатын, моральдық, психологиялық ұстамды және дене даярлығы мықты әрі кәсіптік деңгейі жоғары азаматтар «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізінде келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданып, әскери қызметші аталған соң, көп жеңілдіктер бар:
- Лайықты айлық ақының кепілдігін және уақытылы төленуі. Оның өсуі әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдары мен лауазымдық жағдайына сәйкес қарастырылған.
- Мемлекеттік есебінен тұрған үймен қамтамасыз ету. Тұрғын үй қорында қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда, тұрғын үйді жалға алуға арналған ақшалай төлемақы (мөлшері отбасы мүшелерінің санына және жұмыс орнына байланысты) төленеді. Ақтөбе қаласына 44 496 теңгені құрайды.
- Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әскери-медициналық мекемелерді мемлекеттік есебінен медициналық қамтамасыз ету (диагностика, емделу).
- Берілген нормалар бойынша заттай мүліктермен (қысқы, жазғы және салтанатты әскери киім-кешек) мемлекет есебінен қамтамасыз ету.Әскери қызметшіге жылына бір рет 40 күндік демалыс беріледі және демалыс өтетін жеріне дейінгі және кейінгі жолына қосымша күн беріледі.
- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындардың бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтуге құқылы.
- Әскери қызметшілердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезектен тыс орындар беру.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке ниеттілер, құжаттарын рәсімдеу үшін Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуі керек.
Біздің мекен-жайымыз: Шұбарқұдық кенті, Ж.Кереев көшесі № 22 ғимарат. Байланыс телефондары: 8/71 346/ 2-24-55, 2-21-82.