“Қазақ аналары- дәстүрге жол”

0
178

Ақсай ауылдық мәдениет үйінде “Қазақ аналары-дәстүрге жол” републикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылды. Қазақ аналарын біріктіру арқылы ұлттық құндылықтарды заманауи үлгіде өмір салтымызға енгізу мақсатында құрылған бұл шараны Ақсай ауылының тұрғыны ақ жаулықты ана, медицина саласының ардагері Айжарықова Шамсия апай мен ауыл анасы Жанбуршина Рза апа лентасын қиды. Жиналған аналар шашу шашып, батасын ізгі тілегін білдірді.

Аталған республикалық филиалдың Ақтөбе облысы бойынша төрайымы Табылдинова Назира Сарсембайқызы бастаған бірлестік мүшелері, мәдениет, білім, медицина саласының ардагерлері Шамсия, Маржан, Жұмагүл апайлар арнайы шақырылды. Шара барысында бірлестіктің құрылудағы мақсаты, нәтижелі істері туралы сөз қозғап, салт-дәстүр, өнеге, тәрбие туралы келелі ой-пікірлер айтылды.

Алтықарасу елді мекенінен келген ‘Асыл әжелер» хоры мүшелері құттықтап, ақ тілектерін арнады. Ақсай мәдениет үйінің қызметкерлері «қонақ күту» салты туралы қойылым ұсынып, ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Алтықарасу елді мекенінен келген «Асыл әжелер» хорының ақ жаулықты аналары құттықтауларын жеткізді.

Тағылымды шара соңы ұлттық құндылықтар ұғымының аясында өзара емін-жарқын пікір алмасу, сұрақ жауапқа ұласты.

Раяна Жұмабайқызы