Обаға қарсы дөңгелек үстел өтті

0
102

Қаңтар айының 25-і күні Темір ауданы бойынша  ауыл шаруашылығы малдары арасындағы оба және сібір жарасы аса қауіпті инфекциясымен ауырған мал немесе мал өлексесі анықталған жағдайда шұғыл бірлескен әрекет ету жөнінде ведомвствоаралық байланыс жөнінде дөңгелек үстел өткен болатын.

Дөңгелек үстелге қатысқандар: ҚР ДСМ «М.Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО» ШЖҚ РМК филиалы –Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясының дәрігер-эпидемиолог, бактериологы, магистрі  Б.К.Таубаев және Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы В.Н.Селбаева мен Темір аудандық ветеринария стансасының басшысы Б.Д. Барсаев пен , Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы Шұбарқұдық бөлімшесінің басшысы Саттигулов Мирас және сонымен қатар обаға қарсы күрес бөлім басшылар мен мамандар қатысқан болатын.

Жиналыста Сібір жарасы инфекциясының шығуы туралы, таралуы жайлы және ауданымызда түйе өсіру мықты дамымаса да, түйе обасының аурулары қайдан келетіні және түйе обасы таралғанда не істеуге болатыны жайлы талқыланды.

«Ақтөбе облысы бойынша түйе обасы мол таралмағаны қуантады. Бірақ кәсіпкерлікпен айналысатын шаруалар Арал қаласынан немесе Құлсары қаласынан түйе сатып алады. Сатып алған түйесі оба ауруымен ауырса, міне сол проблема. Түйеге оба ауруы бүргемен, кенемен және ластанған шөпті жегеннен шығады. Ал адамға ауру түйені білмей етін не сүтін пайдаланғаннан жұғады. Ауру түйенің белілері, температурасы көтеріліп, арықтап кетеді және жүндері жұқарып, түсе бастайды» – деп Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясының дәрігер-эпидемиолог Таубаев айтқан болатын.

Дөңгелек үстелде одан басқа 2022 жылы еліміз бойынша сібір жарасы тіркелген жағдайлар және аурудың алдын алу үшін Темір ауданы бойынша 2022 жылы сібір жарасына жасалынған вакцинация  мен  2023 жылға жасалынатын вакцинация жоспары, сібір жарасына алынған топырақ сынамасы, нәтижелері бойынша айтылды. Және ескере кететін бір жайт, обаға қарсы күрес мамандары да жыл сайын вакцинация алады. Ал жас маман болса, ең алғашқы бірінші жылында екі рет вакцинация алса, кейінгі жылдарында бір рет вакцина алу міндетті.

Жиынға қатысқан мамандарда өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Жиын соңында, Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы Шұбарқұдық бөлімшесінің басшысы Саттигулов Мирас әріптестеріне сәттілік тіледі, сонымен қатар «Біздің жұмыс оңай жұмыс емес. Әртүрлі ауруларды зерттеп, қорытынды жасаймыз. Төрт-түлік малдарымызға вакцинация салумен қатар, және өзіміздің де денсаулығымызды ұмытпайық» -деп қорытындылады.

                       А.Қожагелді.