«ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ»

0
91

Ауданымызда «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға өлкетанушы, ардагер ұстаз Р. Серғалиева, әскери комиссариат қызметінің ардагері Л.Құлетрова, ардагер ұстаз К. Құлекенова, М. Жакешова, әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, кәсіпкерлер, ақ жаулықты аналар, әр саланың іскер арулары қатысты. Қоғамдық бірлестіктің басты мақсаты – ұлттық дәстүрлерді жас ұрпақ бойына сіңіру, жас отбасыларды қолдау, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, ананың рөлін көтеру, қыз тәрбиесіне айрықша көңіл бөлу.

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ашылу салтанатында  тұсау кесер рәсімі ақ жаулықты аналарға ұсынылды. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Н. Көшекбаева тағылымды әңгіме қозғап, жиналғандарды жаңа филиалдың ашылуымен құттықтады. Филиалдың ашылу салтанатында ұлттық бұйымдар мен тағамдардың көрмесі ұйымдастырылып, ауылдық округтерден келген шебер арулардың қолдарынан шыққан  бұйымдар мен  тағамдар көпшіліктің назарына ұсынылды. Сонымен қатар, «Жарысқазан» дәстүрінен қойылым көрсетілді. Шара соңы ақ жаулықты аналардың шашу шашуы мен мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.