Түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы З. Абдиева және маманы Б. Нағашыбаева, өткен желтоқсан айының 13-і мен 15 аралығында, «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңын сақтау мәніне 2022 жылдың екінші жарты жылдығына арналған мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында профилактикалық бақылау жүргізді.
Профилактикалық бақылау барысында бөлімнің мамандары З.Абдиева мен Б. Нағашыбаева, «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу кезінде мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту шараларының орындалуын қамтамасыз ету, сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғауға бағытталған заңдардың негізгі нормалары баяндалды.
Сондай-ақ, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі З. Абдиева, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы нормаларын «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұжымы арасында түсіндіру жүргізілді, атап айтқанда мемлекеттік қызметтің этикалық қағидаттарымен және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарымен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді және Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелетін міндеттер туралы да айтып өтті.
«Темір аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.