Аппараттық мәжіліс отырысы өтті

0
59

Жуықта, аудан әкімі С. Аманбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс отырысы өтті. Отырысқа аппарат басшысы А. Сисенов, аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев пен Н. Көшекбаева, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім және мекеме басшылары қатысты. Аппараттық мәжілістің күн тәртібінде «Көктемгі әскерге шақыру жұмысының барысы»  туралы аудан әкімінің орынбасары Н. Көшекбаеваның және «Темір ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайды дамытудың негізгі тенденциялары» туралы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж. Жасақбаеваның баяндамалары тыңдалды.

Аппараттық мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жасалған баяндамада,  2023 жылдың көктемгі әскери қызметке шақыру жұмысы бірінші кезекте азаматтарды ҚР Шекара қызметіне жіберіліп жатқандығы, аудан бойынша ҚР Шекара қызметіне алдын ала 24 әскерге шақырылушы іріктелгені айтылды.
Баяндама тыңдалған соң аудан әкімі,  2023 жылдың көктемінде ҚР Шекара қызметіне тағайындалып, аудандық медициналық комиссиядан өтуге келмей жүрген азаматтардың тізіміне шолу жасап, жүйелі жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмаған Кеңқияқ, Саркөл, Жақсымай, Шұбарқұдық,  Кеңестуы ауылдық округтерінің және Темір қаласының әкімдеріне ескерту жасап, аппарат басшысы А. Сисеновке жауапкершілікке тарту бойынша қызметтік хат әзірлеуді, ал округ әкімдеріне аудандық полиция бөлімімен бірге әскери қызметке жататын азаматтарды жиын пунктіне жеткізуді, сондай-ақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі және аудандық полиция бөлімімен бірге, әскери қызметтен жалтарған азаматтарға қолданыстағы заң аясында тиісті шара қолдануды тапсырды және бұл жұмыстардың қатаң бақылауда болатындығын жеткізді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан көлемінде жүргізілген талдамалық есеп көрсеткіштері талқыланып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, мемлекеттік органдардың тұрғын­дармен өзара іс-қимылына, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу жүйелілігіне қарқын қосу қажеттілігі айтылды және әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында тұрғындардың өтініштері мен талаптарына немқұрайлы қарап, әуре-сарсаңға салған аудандық мекемелер  мен бөлім басшыларына ескерту жасалды. Сондай-ақ, аудан әкімі тұрғындардың өтінішіне құлақ аспай, арыздарға жүрдім-бардым қараған басшыларға да қатаң ескерту жасады және аппараттық мәжілістің күн тәртібінде айтылған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету – аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаевқа жүктеліп, аталған тапсырмалар бойынша жалпы бақылау – аппарат басшысы А. Сисеновке міндеттелді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.