СЕНБІЛІКТІҢ ТЫҢ СЕРПІНІ

0
88

Құрметті Темір аудан тұрғындары!

2023 жылдың 24 наурызында Елді мекендерді санитарлық тазарту және абаттандыру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру туралы Темір ауданының әкімдігінің қаулысы шықты.

Аталған қаулыны негізге ала отырып,  барша аудан тұрғындарын  және мемлекеттік мекеме, дербес бөлім қызметкерлерін экологиямыз бен аумағымыздың таза болуының басты негізін құрайтын, аудан үшін маңызы зор шара — сенбілікке шақырамын!

Жалпы аудандық сенбіліктің мақсаты – аудан аумағындағы тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудару.

Қысқы кезеңнен кейін саябақтарда, көше бойы мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

Сондай-ақ, өңірдегі тұтас тазалықты қамтамасыз ету үшін әрбір тұрғын өз ауласы мен оның маңайына сенбілік жұмыстарын жүргізуі керек.

Сонымен бірге, аудандағы кәсіпкерлерді өздерінің кәсіпкерлік нысандарының маңайын тазалап, тегістеп, тиісті абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, өңіріміздің эстетикалық келбетін келтіруге шақырамын.

Тазалық – баршаға ортақ іс. Сенбілік жұмыстарының тәрбиелік маңызы  да зор. Көпшілікті еңбекке баулумен қатар, туған жеріміздің таза әрі тартымды болуына негіз болмақ шарадан қалыс қалмай, бірауыздан белсенділік танытуға үндеймін!

 

Темір ауданының әкімі             С.Аманбаев