Темір аудандық мәслихаттың VIII-ші шақырылымның І-ші сессиясы

0
87

30 наурыз күні VIII-ші шақырылымның жаңадан сайланған Темір аудандық мәслихаты депутаттарының алғашқы сессиясының жалпы отырысы өтті. Оған аудан әкімі Саламат Аманбаев, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері және жергілікті ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Сессияның күн тәртібінде жеті, атап айтқанда Темір аудандық мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындысы, аудандық мәслихаттың төрағасын сайлау, мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру, тұрақты комиссиялардың құрамы, «Aмаnаt» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу, мәслихаттың 2023 жылға арналған жұмыс жоспары және кезекті сессияның күн тәртібі туралы мәселелер қаралды.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлкен Мұстафин, жиналғандарды ағымдағы жылдың наурыз айында өткен кезектен тыс сайлау қорытындысымен таныстырып, жергілікті өкілтті орган – аудандық мәслихаттың жаңа VIII-ші шақырылымына 24 үміткер тіркеліп, 12 сайлау округінде «Аманат» партиясынан 9, «Ақжол» демократиялық партиясынан 2, «Ауыл» партиясынан 1, барлығы 12 депутат сайланғанын хабарлап, сайланған депутаттардың аты-жөнін жеке-жеке атап өтті және жаңадан сайланған  депутаттардың жұмыстарына сәттілік тіледі. Бұдан кейін аудан әкімі Саламат Аманбаев, жаңадан сайланған  халық қалаулыларына депутаттық куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.
Сондай-ақ сессияда, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, депутаттар ашық дауыспен Темір аудандық мәслихаттының төрағалығына депутат Болат Шаимовты ұсынып, бір ауыздан сайлады.

Бұдан соң сессияның күн тәртібіндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және тұрақты комиссиялардың құрамы туралы депутат Хурлиман Нұртұрғанова және «Aмаnat» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу  жөнінде Айсұлу Жанекешова ұсыныс жасап, депутаттар тарапынан мақұлданды. Сондай-ақ, мәслихат төрағасы Болат Шаимов, аудандық мәслихаттың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын және кезекті сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселелерді   депутаттарға таныстырып, дауысқа салды.

Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып болған соң,  аудан әкімі С. Аманбаев, депутаттық корпустың бұрынғы құрамының оңды істерін атап, жұмыстарына жоғары баға берді және жаңа VIII-ші шақырылым депутаттарына сәттілік тілеп, бірлесіп нәтижелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

ТЕМІР ГАЗЕТІ.