МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ ҚЫСҚАРТЫЛДЫ

0
78

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің неке қию туралы өтініш беру бөлігіне өзгерістер енгізілді.

Егер бұрын неке қию туралы өтінішті мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын беру керек болса, енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2022 жылдың 15 тамызынан бастап, неке қию туралы өтініш некені мемлекеттік тіркегенге дейін 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын беріледі. Мерзім неке қию туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күннен бастап есептеледі және 15-ші күнтізбелік күн некені мемлекеттік тіркеу күні болып саналады. Егер мерзімінің аяқталуы, яғни 15-ші күнтізбелік күн жұмыс күні болмаса (демалыс күні, мейрам т. б.), онда некені тіркеу күні болып одан кейінгі жұмыс күні есептеледі.

Неке қию туралы өтініштерді жергілікті атқарушы орган арқылы немесе онлайн түрде  egov.kz.элетрондық портал және «Haluk Homebank» мобилдік қосымшасы арқылы беруге болады.

* * *

В Кодекс «О браке (супружестве) и семье» Республики Казахстан внесены изменения в части сроков подачи заявлений на регистрацию брака.

Если ранее заявления на регистрацию брака необходимо было подавать за месяц до государственной регистрации брака, то согласно внесенных изменений, с 15 августа 2022 года заявления на регистрацию брака принимаются за пятнадцать календарных дней до регистрации брака. Течение срока исчесляется со следующего рабочего дня после подачи совместного заявления о заключении брака и на пятнадцаты календарный день при личной явке молодоженов производится государственная регистрация брака. Но если  окончание срока, т. е. пятнадцатый календарный день приходится на нерабочий день (выходной, праздничный и т. п.), то днем окончания срока считается следующий за ним рабочий день.

Заявление на регистрацию брака можно подать в местный исполнительный орган, либо онлайн через электронный портал egov.kz. или мобильное приложение «Haluk Homebank».

Ю.ФОМЕНКО