«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»
Темір аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің түсірілім тобы, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында, Саркөл ауылдық округінде болды. Саркөл ауылдық округі – аудан орталығы Шұбарқұдықтан 125 шақырым қашықтықта орналасқан, 6280 тұрғыны бар әкімшілік-аумақтық бірлестік.
Өңірде мұнай-газ өндіру саласымен қатар ауыл шаруашылығы да жақсы дамыған. Жер аумағы 155791 гектарды құрайтын аумақ шаруашылығының 10 %-ын өсімдік, 20 %-ын құс, 70 %-ын мал шаруашылығы қамтиды. Саркөл ауылы – айрандай ұйып, бірлігін бекемдеп отырған ауылдың бірі. Ауыл тұрғындары ынтымақшыл, үлкенін кішісі тыңдап, қыбыр еткен көршісіне көмекке ұмтылуға дайын. 2022 жылы саркөлдіктер қайырымдылық шараларға білек сыбана кірісіп, тағдыр тауқыметін тартқан 5 отбасының баспаналы болуына мұрындық болған еді. «Қайғы мен қуанышты тең бөліскен
Пейілі ауылдың кең пейіштен» демекші, саркөлдіктердің мұндай жарасым тапқан айшықты істері көпке үлгі!
Түсірілім тобы Данэль есімді бүлдіршіннен, Бибарыс есімді көкпаршыдан және Нұржігіт есімді жаттықтырушыдан сұхбат алып, көпшіліктің назарына ұсынды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.