«Ауыл аманаты» жобасы іске асуда

0
87

Жақсымай ауылдық округіне  іс-сапар барысында аудан әкімі С. Аманбаев, жаңадан ашылғалы тұрған «Иман» шағынмаркетіне барып, жеке кәсіпкер Р.Кадыровпен кездесті. Жеке кәсіпкер, өз қаражаты есебінен ауылда  сауда нысанын салып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Р. Кадыровтың «Ауыл аманаты» жобасы  бойынша аспазхана ашуы үшін 7 миллион 600 мың теңге мақұлданды.
Кездесу соңында аудан әкімі кәсіпкерге, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрғындарға қолжетімді бағада алуға жағдай жасау туралы ұсынысын жеткізді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.