Тазалыққа орай өткен жиын

0
88

Жуықта аудан әкімі С. Аманбаев, санитарлық-тазалық бойынша  өткізді. Оның бірінішісі – ауылдық округ әкімдерімен  өткізілсе,  екіншісі – жауапты лауазымды басшылармен ұйымдастырылған жиналыс болатын.   

Ауылдық округ әкімдерімен ұйымдастырылған жиынға  аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев, аппарат басшысы А. Сисенов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Е. Жолдығарин, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н. Адаев қатысты. Жиында аудан басшысы, екі айлық санитарлық-тазалық акциясын өткізуге, сенбіліктер  ұйымдастыруға, тұрғын үйлердің, кәсіпкерлік  нысандар мен кеңселердің, дүкендердің, дәмханалардың т. б. айналасын тазалауға баса назар аудару  және «Ауыл аманаты» жобасын одан әрі жүзеге асырып,  ауылда кәсіп ашуға халықты кеңінен тарту қажеттігін айтты.
Күн тәртібіндегі мәселелер талқылаған соң аудан әкімі, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауды аппарат басшысы А. Сисеновке жүктеді.

Осы күні  аудан әкімі С. Аманбаев, орынбасары Ж.Қойшыбаевты, аппарат басшысы А. Сисеновті, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы С. Төлеуовті, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы В. Селбаеваны, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Жасақбаеваны, аудандық ветеринария стансасы басшысының орынбасары М. Шамиевті қатыстыра отырып, елді мекендерді санитарлық тазалау науқаны бойынша екінші рет жиналыс  өткізді. Жиын барысында аудан әкімі, ендігі жерде тазалық шаралары  күн тәртібінен түспейтінін ескертіп, елді мекен аумақтарын санитарлық тазалық және абаттандыру мақсатында екі айлық іс-шаралар жоспарын бекітуді міндеттеді және  бұл бағытта аудан орталығына басымдық берілетінін айтып, кентте қараусыз жүрген малдар, өлексе, автокөлік жолдарын қырып, тегістеу мен күл-қоқыс мәселесі өзекті екенін баса айтты. Сондай-ақ жауапты басшыларға, өздеріне бекітілген аумақтарды аралап, санитарлық талаптарды, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдылықтарды бұзуға жол берген жеке және заңды тұлғаларға қатысты тиісті шара қабылдап, әкімшілік жазаға тартуды тапсырды. Бұған қоса, аудан әкімі тазалық шаралары жүргізілген аймақтарды  сол күйінде ұстап тұру үшін рейдтерді   үздіксіз жүргізуді, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытында әлеуметтік желі арқылы тұрғындарға үнемі ескерту жасап отыруды және тұрғындардың сауалдарына жедел жауап беруді, әлеуметтік желілерге, телеграм және веб-ресурстарға мониторинг жүргізуді аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж. Жасақбаеваға, аталған тапсырмалардың орындалуын жалпы бақылауды аппарат басшысы А. Сисеновке  міндеттеді.

ТЕМІР ГАЗЕТІ.