ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ АУДАНЫНДА

0
90

Аудан орталығына келген Ақтөбе облысы білім саласының ардагерлер делегациясы Досжан Хазірет мемориалды кешеніне  барып, ауданның тереңнен тамыр тартқан тарихымен, мәдени мұраларымен танысты.
Кейін делегацияның жұмыс сапары облыстық білім саласы ардагерлер кеңесінің көшпелі алқа жиынына жалғасты.

Жиынға аудан әкімі С. Аманбаев, облыстық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Байғазин, аудандық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрайымы Р. Бегимова, кеңес мүшелері Т.Әділханов, Р. Сатанова және жалпы білім беру ұйымдарының директорлары мен ұстаздар қауымы қатысты.
Жиын барысында аудандық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрайымы Р. Бегимова кеңестің атқарған жұмыстары жайында баяндады. Жиында аудан әкімі С. Аманбаев ауданға ерен еңбек сіңірген ардагерлерге алғысын білдіріп, білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген білікті мұғалімдерді марапаттап, ардагерлер кеңесінің жұмысына жан-жақты қолдау шаралары тұрақты түрде жалғасын табатынын жеткізді.
Шара соңында ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері аудандық білім ордаларын аралап, ардагер ұстаздарға арнап жасақталған жаңа кабинеттердің жай-күйімен танысты.

ТЕМІР ГАЗЕТІ.