Міндетті зейнетақы жарналарын кім және қалай төлеу керек?

0
85

Зейнетақы жарналарын бірнеше жолмен аударуға болады:
🔹 Егер сіз жалдамалы жұмыскер болсаңыз, сіздің жұмыс берушіңіз ай сайын жалақыңыздың 10% БЖЗҚ-дағы жинақ шотыңызға аударып отыруға міндетті.
🔹 Егер сіз АҚC шарты бойынша заңды тұлғамен (салық агентімен) жұмыс істесеңіз, онда тапсырыс беруші ай сайынғы төлемнің 10% ұстап, БЖЗҚ-ға аударуы керек.
🔹 Егер сіз АҚC шарты бойынша салық агенті болып табылмайтын тапсырыс берушімен жұмыс істесеңіз, онда сіз ай сайынғы табысыңыздың 10%-ын БЖЗҚ-ға өзіңіз аудара аласыз, бірақ сома ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10%-нан аспауы керек. Мұны банктер немесе Қазпошта арқылы жасауға болады.
🔹 Егер сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат болсаңыз, онда сіз бірыңғай жиынтық төлемді жасауыңызға болады.
🔹 Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, онда сіз салық кезеңінің әрбір айы үшін міндетті зейнетақы жарнасының мөлшерін есептеп, шыққан соманы ай сайын БЖЗҚ-дағы шотыңызға аударып отыруыңыз қажет.