Қағаз және электронды түрде тегін аласыз

0
71

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту» туралы Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983-ші қаулысына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Жақсымай ауылдық округі Шұбарқұдық ауылы, Темір, 28 мекен-жайында орналасқан «Жақсымай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде 6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсету қарастырылған.

Оның ішінде:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару;
  2. Мемлекеттік меншіктегі, конкурстарды (аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  3. Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату;
  4. Жер учаскесін алуға кезекке қою;
  5. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
  6. Елді мекеннің шегінде нысан салу үшін жер учаскесін беру.

Аталған мемлекеттік қызметтерді қағаз түрінде және электронды түрде тегін алуға болады. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуы үшін азаматтардың жеке куәлігіне орнатылған электрондық цифрлық қолтаңбасы қажет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес реттеледі. Мекемеде өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы мен күту орындықтарымен жабдықталған.

Қосымша мәліметтерді: 8 (71346) 2-43-33 байланыс телефоны арқылы алуға болады.

 

                                                    Жақсымай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі.