Әскери қызметке шақырамыз

0
73

Келісім-шарт бойынша әскери қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, кәсіби өсу келешегін беретін, әскери қызметкерлердің өзінің, оның отбасының әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ететін абыройлы жұмыс. Келісім-шарт бойынша әскери қызмет ерікті түрде негізделеді.

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 38-бабы және Қазақстан Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124-ші Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен  әскери құралымдарында әскери қызметті өткеру Ережелерінің талаптарына және ҚР Қорғаныс Министірінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 910-шы бұйрығының талаптарын орындау мақсатында, Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі келісім-шарт бойынша, Қазақстан Республикасы аумағындағы әскери бөлімдерге қызметке (жұмысқа) запастағы офицерлерді, сарбаздар және сержанттар құрамындағы бос лауазымдарға қызметке шақырады.

           Маңғыстау облысы Ақтау қаласында орналасқан 51809 әскери бөлімі, Ақтөбе қаласы Есет батыр көшесіндегі № 41-ші әскери мекемеде орналасқан 30238 әскери бөлімі, Ақтөбе қаласында 99235 әскери бөлімі ашылу жоспарлануда запастағы офецерлермен, сарбаздар мен сержанттар құрамына бос лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке (жұмысқа) шақырады. Келісім-шарт бойынша әскери қызметке кіретін үміткерлер келесідей талаптарға сәйкес болуы қажет:

  1. Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
  2. Әскери қызметін өтеп келген;
  3. Жасы 19 жастан 32 жасқа дейінгі азаматтар;
  4. Білімі – орта, арнаулы орта, жоғары.

Келісім-шарт бойынша қызмет ету мерзімдері – 3 жыл, 5 жыл, 10 жыл және шектеулі жасқа дейін.  Келісім-шарт бойынша әскерге кіру үшін кандидаттарды іріктеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1). Келісім-шарт бойынша әскери қызметке кіру үшін қажетті құжаттарды қабылдау;

       2). Медициналық куәландырудан өту;

       3). Дене дайындығы деңгейінің сәйкес келуін айқындау;         

       4). Кәсіби даярлық деңгейін және тағайындау үшін қаралып отырған әскери лауазым әскери-есептік мамандығының (білімінің) сәйкес келуін айқындау;

       5). Психлолгиялық тұрғыдан жарамдылыққа тексеруден өту.

Сол мамандардың сынағынан сүрінбей өтіп, Қарулы Күштер қатарына өз ісінің шебері бола алатын, моральдық, психологиялық ұстамды және дене даярлығы мықты әрі кәсіптік деңгейі жоғары азаматтар «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізінде келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданады.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданып, әскери қызметші аталған соң, көп жеңілдіктер бар. Олар төмендегіше:

  1. Лайықты айлық ақының кепілдігін және уақытылы төленуі. Оның өсуі әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдары мен лауазымдық жағдайына сәйкес қарастырылған.
  2. Мемлекеттік есебінен тұрған үймен қамтамасыз ету. Тұрғын үй қорында қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда, тұрғын үйді жалға алуға арналған ақшалай төлемақы (мөлшері отбасы мүшелерінің санына және жұмыс орнына байланысты) төленеді. Ақтөбе қаласына 44 496 теңгені құрайды.
  3. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әскери-медициналық мекемелерді мемлекеттік есебінен медициналық қамтамасыз ету (диагностика, емделу).
  4. Берілген нормалар бойынша заттай мүліктермен (қысқы, жазғы және салтанатты әскери киім-кешек) мемлекет есебінен қамтамасыз ету. Әскери қызметшіге жылына бір рет 40 күндік демалыс беріледі және демалыс өтетін жеріне дейінгі және кейінгі жолына қосымша күн беріледі.
  5. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындардың бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтуге құқылы.
  6. Әскери қызметшілердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезектен тыс орындар беру. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-ші «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 32-бабына сәйкес әскери қызметке жарамды, 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер мен 32 жасқа дейінгі медициналық қызметтің запастағы офицерлері, уәкілетті органдардың өтінімдері бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде бейбіт уақытта офицерлер құрамынының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін 2 жылға әскерге шақырады.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке ниеттілер, құжаттарын рәсімдеу үшін Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуі керек. Біздің мекен-жайымыз: Шұбарқұдық кенті, Ж. Кереев көшесі,

               № 22-ші ғимарат.  Байланыс телефондары: 8/71 346/ 2-24-55, 2-21-82.

                                                                                                                       А. К. ТАСПОЛАТОВА