Халықты игілікті іске шақырамыз

0
78

Сенбілік  –  тазалық кепілі.   Әр жылы көктем мезгіліндегі сенбіліктерде тазалық жұмыстарын жүргізу –  аудан жастарының назарынан ешқашан тыс қалған емес. Жастар бұл шараға биыл да белсене атсалысып жатыр.

Биылғы игі бастаманың сенбілігінде, Темір аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, аудан орталығындағы мекемелер жанынан құрылған 7 ерікті ұйымнан  107 жас  қатысты. Ауа райының шаңды қолайсыздығына қарамастан,  жігіттер жағы Қазақ ауыл  аумағындағы сайды тырмалап, ал қыздар сыпырып дегендей бір кісідей тазалау жұмыстарын жүргізді.

Ауданымызда санитарлық-тазалық жұмыстарының екі айлығының жариялануына  байланысты, жастар алдағы уақыттарда да бұл шараға қатысуды жалғастырады. Біз жастар, өзіміз тыныс алып,  өзіміз өмір сүретін қоршаған ортаны күл-қоқыстан, арам шөптен арылтуға барлық жергілікті тұрғындарды шақырамыз.

                                                                                       Ләйлә МАРАТОВА.