Облыстық мәслихат депутаттары ауданда болды

0
79

Аудан әкімі С. Аманбаев, «Ауыл» партиясы Ақтөбе облыстық филиалынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары С. Қалдығұлова мен Қ. Тулеуова және «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» облыстық филиалы төрағасының орынбасары Г. Қарабалинамен бірге, Кеңестуы ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарының басшыларымен және аудан фермерлерімен кездесті.

     Жиында шаруалардың көкейтесті мәселелері көтерілді. Облыстық депутаттар, заң аясында барлық сұрақтарға, заң аясында, жауап берді. Жиналғандар кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнінде жекелеген ұсыныстар жасады.
Жиын соңында аудан әкімі, депутаттарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта шаруалармен әртүрлі форматта кездесулер өткізіп тұруды ұсынды.

ТЕМІР ГАЗЕТІ.