Аудан әкімі Темір қаласында

0
60

          Аудан әкімі С. Аманбаев, Темір қалалық округіне барып, Темір қаласының және Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесіп, аудан бойынша атқарылған жұмыстарды және алдағы міндеттерді егжей-тегжейлі баяндады. Жиынға аудандық бөлім және мекеме басшылары қатысты.  

Аудан әкімі Темір қаласы тұрғындарымен кездесуінде,   әсіресе «Ауыл аманаты» жобасына да тоқталып, аталған тақырып төңірегінде темірліктер тарапынан қойылған сұрақтарға  жауап берді. Ал округ әкімі А. Қоқанов,  тұрғындарды Темір қаласы бойынша «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асырылатын құны 98. 6 миллион теңге тұратын 60 жоба  бар екенін, округте учаскесінің ауданы 0,124 гектар, құрылыс аумағы  254,5 шаршы метр, 1 қабатты, құрылыс  мерзімі 4 айға жоспарланған, құны 81 249,0 мың теңгені құрайтын әкімшілік ғимаратының құрылысы  жүріп жатқанын, алдағы уақытта  қаланы абаттандыруға басымдық берілетінінен хабардар етті.
Есепті жиында ауыл тұрғындарының көкейтесті мәселелері тыңдалды. Аудан басшысы, округ әкімі А.Қоқановқа тұрғындардың айтқан әрбір ұсынысын үнемі назарда ұстап, олардың оң шешілу жолдарын қарастыруды тапсырды. Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі С. Аманбаев  пен  округ әкімі А. Қоқанов, ауыл көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарды тілге тиек етті. Ал, тұрғындар тарапынан Жамбыл ауылына кіреберіс автомобиль жолын жөндеу мәселесі сөз етілді.
Бұл туралы А. Қоқанов, аталған мәселе бойынша жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп, сараптамаға тапсыру кезеңінде екенін атап өтті. Кездесу соңында аудан әкімі тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, қала әкімі А. Қоқановқа өзекті мәселелерді тұрғындармен бірлесе шешудің жолдарын қарастыруды тапсырды.

ТЕМІР ГАЗЕТІ.