Бала – біздің болашағымыз!

0
70

              Бала – өміріміздің жалғасы, көз қуанышымыз. Ұлттың ертеңі. Сенімді тірегі. Бейбіт елде қашанда баланың риясыз сыңғырлаған күлкісі естіледі. Сәбидің сыңғыр күлкісі әлемді жамандық атаулыдан қорғап, шуақты нұрын шашады. Оларға  көрсеткен мейіріміз бен махаббатымыз олардың келешегінің іргетасын қалайды. Жақсылықты көріп өскен бала есейгенде өзі де өзгелерге жақсылық жасап, жанашырлық танытып, көмектесетін ұлтжанды бала болып өсері анық.

Халықаралық  балаларды қорғау күніне орай, «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасында  «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты  мерекелік іс-шара өтіп,  мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Балапан» ересек топ тәрбиеленушілері ән айтып, би билеп, өз өнерлерін паш етті.  Мереке ашық ойын алаңында жалғасып  «Балапан» , «Күншуақ», «Ақбота» топтары арасында «Көңілді мәре» атты спорттық жарыс  ұйымдастырылды.  Сайыс соңында әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топ тәрбиеленушілерін марапаттап, мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етті, медбике барлық жарысқа қатысушыларға денсаулық тілеп, дәрумендер таратты.

                                                                                 «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы.