«Дарынды шәкірт – ел болашағы»

0
84

Темір аудандық оқушылар үйінде «Дарынды шәкірт – ел болашағы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.  Бұл шараның басты мақсаты – дарынды шәкірттерді мадақтап, олардың жетістіктерін көпшілікке таныту еді.

Шара негізі, 2022-2023 оқу жылының қорытынды есебі ретінде өткізіліп, аталған оқу жылында түрлі деңгейдегі шығармашылық  конкурстар мен байқауларға, көрмелер мен сайыстарға қатысып, ерекше дарындылығымен топ жарған оқушылар  «Жыл үздігі-2023» номинациясымен және сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ балалардың сондай дәрежеге жетуіне өз үлесін қосқан ата-аналарға да алғыс айтылып, Темір ауданы білім бөлімінің басшысы Азамат Өсербаевтың атынан мадақтама беріліп, арнайы сыйлықтармен    марапаттау рәсімі  жасалды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.