«Гаухар» балабақшасындағы мереке

0
37

           МКҚК «Гаухар» балабақшасында 1 маусым балаларды қорғау күніне мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.  Балабақша ауласы әдемі шарлар мен түрлі-түсті жалаушалармен безендіріліп, «Қызыққа толы сәттер» тақырыбында мерекелік ойын-сауық ұйымдастырылды. Ойын-сауыққа балабақшаның барлық балалары қатысты.

 

Қонаққа «Ашулы тікенек» келіп, жазды жасырып қойғандығын айтты. Балалар жазды қайтару үшін келген кейіпкерлерге өнерлерін көрсетіп, эстафеталық ойындар ойнады.  Мерекеде тәрбиешілер де әртүрлі кейіпкердің рөлін ойнады. Балалар мерекелік іс-шара барысында ән де айтты, би де биледі,  қызықты ойындар ойнады.

Іс-шарадан соң  «Бақытты балалақ шақ» тақырыбында асфальтта сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Балалар салған суреттерін әңгімелеп берді.  Бұдан кейін Сайқымазақ, Чебурашка, Түлкі, Қоян, Аю және Әли мен Майя   т. б. кейіпкерлер барлық балаларға тәттілер таратты. Таңертеңгі қабылдаудан бастап қаламыздың тұрғыны Исина Гульвира, «НҰРДІЛДА» дүкенінің иесі Панегереева Асемгүл балабаларға тәттілер таратып, қуаныш сыйлады.

Сонымен қатар балабақша ұжымы балаларға керемет көңіл күй сыйлау мақсатында балалардың есімдері жазылған «АТАУЛЫ ТОРТ»   ұсынып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

Аягөз ПАНГЕРЕВА.