Оқу-жаттығу жиыны өтті

0
76

      Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні өрттің  пайда болу қауіпі жоғары маусымға алдын ала дайындықты арттыру мақсатында, Темір мен Байғанин ауданының ерікті өрт сөндіру құрылымдары бірлесіп, Тасқопа ауылдық округінің аумағында далалық өрттің алдын алу бойынша ауданаралық оқу-жаттығу жиынын өткізді.   

Оқу жаттығуға Тасқопа ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы,  Екі аудан әкімдігінің бас инспекторлары, Төтенше жағдайлар бөлімінің бастықтары, Байғанин ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, Тасқопа ауылдық округінің әкімі, Тасқопа ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің орынбасары қатысты.

Оқу жаттығу барысында, Тасқопа ауылдық округінің ерікті өрт сөндіру құрылымынан 10 адам (5 хлопушка, 5 ранец), 1 МТЗ соқасымен, Тасқопа ауылдық округінің өрт сөндіру бекетінен 4 адам, 1 «УАЗ» көлік, 1 МТЗ әмбебап өрт сөндіру тіркемесімен, Тасқопа ауылдық округінің медициналық пунктінен 2 адам, 1  УАЗ көлігімен, ал Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылдық округінің Ерікті өрт сөндіру құрылымынан 7 адам (4 хлопушка, 3 ранец) 1 дана УАЗ, Байғанин ауданының  № 11-ші Өрт сөндіру бөлімінен 5 адам, 1  ЗИЛ өрт сөндіру техникасы жедел әрекет етудің нәтижесінде, шартты түрде жүз берген «дала өртін» уақытында ауыздықтап, өз міндеттерін жақсы атқарып шықты.

ТЕМІР ГАЗЕТІ.