Балаларға қуаныш сыйлауға асығайық

0
76

Қазіргі кездегі адамзаттың алдында тұрған зор міндеттің бірі – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру болып табылады. Балаларға жастайынан жақсы тәрбие беру –   әлемнің ертеңгі күнінің кепілі болып есептеледі. Бала – өміріміздің жалғасы, көз қуанышымыз. Сенімді тірегі. Елде қашанда баланың риясыз сыңғырлаған күлкісі естілсе,   әлемді жамандық атаулыдан қорғап,  айналаға нұр шашады.

Бейбітшілікте шад-шадыман күн кешіп жүрген әрбір баланың келешегі жарқын болары анық. Баланы махаббатпен тәрбиелеп, өсіру – оның келешегіне тікелей әсер етеді. Балалық шағы қызық әрі көңілді өткен баланың өмірге деген көзқарасы өзгеше әрі жарқын болады. Оған көрсеткен мейіріміміз бен махаббатымыз – оның келешегінің іргетасын қалайды. Жақсылықты көріп өскен бала – есейгенде өзі де өзгелерге жақсылық жасап, жанашырлық танытып, көмектесетін ұлтжанды бала болып өсері анық. Сол себепті де үлкендер әркез баланың  арқасынан қағып, қолдау көрсетіп, жанынан табылғаны дұрыс. Бала үшін  ата-ананың махаббаты аса маңызды. Әлемде махаббаттан асқан ұлы сезім жоқ. Әсіресе, бала мен ата-ана арасындағы риясыз махаббат ерекше. Бәріміз балаларға  қуаныш сыйлауға асығайық!

В.К.ТӘЖІБАЕВА, 
Сарыкөл ауылы,                                                                                                «Алақай»     бөбекжай балабақшасы.