«Ізгілікті істі бірге жасайық»
Темір қаласындағы «Толғанай» орман шаруашылығында аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы бірлесіп ұйымдастыруымен жылдық жоспар негізінде «Ізгілікті істі бірге жасайық» атты жастар слеті өтті. Жастар слетінің мақсаты – жастарды мейірімділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа үйрете отырып, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық спорт ойындарын дәріптеу болатын. Білім беру мекемелерінің жастарына ауданымыздың көп балалы, аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету жұмысы тапсырылып, видеоролик ретінде жасалған жұмыс сараланып, қорытындысы негізінде слетке 60 жас маман қатысты. Жастар 4 топқа бөлініп, рапорт қабылданып, Әнұран орындалды.
Аталмыш шараға бөлім бөлімінің басшысы А. Өсербаев пен аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Н. Сабенова құттықтау сөз алды. Төрт топ жарысып, жастар белсенділік танытты. Слет жұмысында түнгі алау жанындағы бейресми кездесу, жастарды толғандыратын сауалдар талқыға түсіп, пікірталас ұйымдастырылды.
Темір қаласындағы «Толғанай» орман шаруашылығының тарихы таныстырылды. Алау жанында жастар керемет әндер орындады.
Жұмыс нәтижесі бойынша 60 жас маманга аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымының бірлескен Алғыс хаты, кәсіподақ ұйымының есебінен Түркістан қаласына 4 күндік туристік саяхатқа жолдама табысталды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.