Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0
61

Аудан әкімі С. Аманбаев, «Ауыл аманаты» жобасын жан-жақты насихаттау, түсіндіру жұмыстарын Алтықарасу, Жақсымай, Тасқопа, Қайыңды ауылдық округінде және Темір қалалық округінде жүргізді. Аудан басшысы аталған округтерді аралап, тұрғындармен кездесу барысында «Ауыл аманаты» жобасын сапалы жүзеге асыру керектігін және жоба шеңберінде кәсібін дөңгелетуді көздейтін кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік бар екенін  жеткізді.

Алтықарасудағы  тұрғындармен кездесуде округ әкімі М.Алишов, аудан басшысы С. Аманбаевқа, «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасы бойынша 23,05 миллион теңгені құрайтын 7 жобаның құжаты «Ақтөбе» ӘКК-не  тапсырылғанын, оның ішінде 4,8 миллион теңгеге 2 жобаның қаражаты алынғанын, 4,1 миллион теңгелік 2 жобаның құжаты мақұлданғанын, 14,15 миллион теңгелік 3 жобаның құжаты комиссиясы қарауында тұрғанын, бұлардың  бағыттары бойынша өсімдік шаруашылығына 2 жоба, кәсіпкерлік мақсатта – 5 жоба, сабын өндірісі бойынша 1 жоба мақұлданғанын атап өтті. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы С. Аманбаев, округ әкімі М. Алишовке жобаға қызығушылық танытқан ауыл тұрғындарына толық ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын  күшейтуді тапсырды.

  Аудан әкімі С.Аманбаев сол күні «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын Жақсымай ауылдық округінде жалғастырып, тұрғындарға жеңілдетілген несие шарттары мен жеке кәсіп ашу арқылы табысты көбейту мәселелерін түсіндірді. Бүгінде бұл округте «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасы бойынша 37,9 миллион теңгені құрайтын 6 жоба «Ақтөбе»  ӘКК-не құжат тапсырған. Оның ішінде 25,7 миллион теңгедік 4 жоба қаражатын алған және 12,2 миллион теңгелік 2 жобаның құжаттары мақұлданған. Бұлардың бағыттары бойынша айтатын болсақ, 3-еуі  құс шаруашылығы, 1-еуі өсімдік шаруашылығы және 2-еуі кәсіпкерлік мақсаттағы жоба болып табылады.
Кездесу соңында кәсіп ашқысы келетін ауыл тұрғындары үшін аталмыш жобаның берер мүмкіндігі мол екеніне тоқталған аудан басшысы, округ әкімі Р. Құдайбергеновке «Ауыл аманаты» жобасын табысты іске қосқан кәсіпкерлерді тұрғындар арасында мейлінше насихаттауды тапсырды.

Аудан әкімі С. Аманбаев, осындай кездесуді Темір қаласының тұрғындарымен де жүргізді. Темір қаласынан «Ақтөбе» ӘКК-не 52,7 миллион теңгені құрайтын 9 жобаға  құжат тапсырылыпты. Оның 25,6 миллион теңгелік 4 жобасы қаражатын алған және 23,1 миллион теңгелік 4 жобаның құжаттары мақұлданған. Ал 4,0 миллион теңгені құрайтын 1 жобаның құжаттары  комиссияның қарауында тұр. Аталған жобалардың 3-еуі құс шаруашылығына, 2-еуі өсімдік шаруашылығына және 4-еуі кәсіпкерлік мақсатқа бағытталыпты.  Сондай-ақ, бұрын тіркелмеген жүн қырқу жобасы бойынша 1 жеке кәсіпкер құжат тапсырған.
Кездесуге қатысқан қала тұрғындары жобаға  қызығушылық танытып,  сұрақтарын жолдады. Қала тұрғындарымен кездесу соңында аудан басшысы С. Аманбаев,  округ әкімі А. Қоқановқа құжаттарды рәсімдеуде қала тұрғындарына нақты көмектер мен кеңестер беруді тапсырды.

Сондай-ақ аудан әкімі С. Аманбаев, «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасы бойынша 26,4 миллион теңгені құрайтын 6 жобанының құжатын «Ақтөбе» ӘКК-не  тапсырған Тасқопа ауылдық округіннің тұрғындарымен де кездесті. Кездесуде аудан басшысы 2,5 пайызбен берілген несие қаражатын ұтымды пайдаланудың жолдарын, жобаның шарттары мен қаржыландыру бағыттарын түсіндірді.
Аталған округте   6,0 миллион теңгелік 2 жобаның қаражаты алынған, 5,3 миллион теңгелік 2 жобаның құжаты мақұлданған және  15,1 миллион теңгелік 2 жобаның құжаты комиссияның қарауында жатыр.   Олардың бағыттары  – құс шаруашылығына 1, өсімдік шаруашылығына 3, кәсіпкерлік мақсатқа 2 жоба жоспарланыпты.
Кездесу соңында аудан басшысы С. Аманбаев, округ әкімі М.Қожақоваға жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін пысықтап, жобаның маңыздылығын түсіндіру  жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

  Бұған дейін  тасқопалықтар   ауылдағы жолға асфальт төсеп жатқан мердігер мекеме жұмысының кей жерінде жарықшақтардың пайда болуына байланысты  асфальттың сапасына назар аударуды сұрап, аудан әкіміне жазбаша үндеу жолдаған болатын. Осыған байланысты Тасқопадағы кездесуден соң аудан әкімі  асфальт төсеу жұмыстарының барысымен танысты.  Осы тұста айта кететін жайт –  мұндағы асфальт төсеу жұмыстары 2022 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Жобаның құны 1 365197,768 мың теңге. Жолдың ұзындығы 33 шақырым болуы тиіс. Тендерді жеңіп алған мердігер мекеме –  «Мерей и К» ЖШС қазіргі уақытта  11 шақырымға асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуде. Нысанды пайдалануға беру мерзімі – ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына жоспарлауда.
Мердігер ұйым өкілдерімен кездесу кезінде аудан әкімі Тасқопа ауылына апаратын жолды асфальттау бойынша жоспарланған барлық жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтауды және асфальт төсеу кезінде ауыл тұрғындарының ұсыныстарын ескеруді тапсырды және орынбасары Ж.Қойшыбаевқа «Сапа орталығының» өкілдерін шақырып, асфальт жабындысының стандартқа сәйкестігіне сынама алуды міндеттеді. Сондай-ақ, мердігер мекеме өкіліне трассадағы жарықшақтар пайда болған жерлерді қайта қалпына келтіруді жүктеді. Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау – аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаевқа міндеттелді.

Аудан әкімі С. Аманбаев6 осы сапарында Қайыңды ауылдық округіне де  барып, «Ауыл аманаты» жобасын іске асырудың жолдарын талқылады. Жиын барысында тұрғындар бизнес жобаларының тізбесін таныстырып, аудан әкіміне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
Бүгінге дейін Қайыңды ауылдық округінде  аталған пилоттық жоба бойынша 10,11 миллион теңгені құрайтын 3 жобаның құжаты тапсырылып, үшеуі де  мақұлданған.  3 жоба да   өсімдік шаруашылығына бағытталыпты.
Жиын соңында аудан әкімі, қызығушылық танытқан тұрғындарды жобаға қатысуға тартуды және жобаны егжей-тегжейлі талдап, түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

ТЕМІР ГАЗЕТІ.