Қаржылық сауаттылық жобасы

0
130

«AMANAT» партиясының Алға, Хромтау, Мұғалжар, Қарғалы, Байғанин Темір аудандық филиалдарында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша тұрғындардың қаржылық сауатын арттыру жұмыстары жалғасуда. Бес күндік оқуға елді мекендердің 430-ға жуық тұрғыны 5-легін аяқтауда. Жыл аяғына дейін облыс бойынша 8 мың адамды қамту көзделіп отыр.

Темір ауданында бірінші легі аяқталуда, жоба аясында ауданның 500 тұрғынына қаржылық сауаттылық жобасы бойынша білім алады.

«AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында қаржылық сауатын арттыру.  Оқу 2 мамырдан басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Жобаның алғашқы кезеңінде еліміздің 8 аймағы — Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстары  қамтылады. Жоба аясында 80 мыңға жуық ауыл тұрғыны қаржылық білімін жетілдіреді деп күтілуде.

Қаржы сарапшысы, Ақтөбе облысының тәлімгері  тұрғындарға  қолындағы қаражатты тиімді пайдалануды, қажетсіз шығындарды қысқартып, қарыздарын жабуды және қаржы қорын жинауды үйретуде. Ал жаңадан кәсіп бастаған жандарға мемлекеттен бөлінетін қайтарымсыз гранттар мен несиелік қолдаулар жайында толық мағлұматтар берілді. Жоба аясында жеке қабылдаулар өткізіп мерзімі өтіп кеткен несие борышкерлеріне, жобаның заңгерлерінен  кеңес беріледі.

Елімізде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң қабылданғаны белгілі. Алайда жеке тұлғаның банкрот деп жариялануы – көп адам ойлағандай оңай процедура емес. Қайта банкроттық жариялау үшін 7 жылдан кейін ғана мүмкін болады. Сондықтан қаржылық беделге нұқсан келтірмеуді, қаражатты байыпты жұмсауды үйрену артық етпейді», – деді Гүлнар Сейтжаппарқызы.