Ескі суреттер күтеміз!

0
27

Құрметті оқырмандар! Арадан жылдар өткен сайын   ауданымыз дамып, өткен кезеңдердегі ғимараттардың сыртқы келбеті өзгеріп, тіпті кейбіреулері жойылып, орындарына жаңалары салынып жатқан жағдайлар бар. Сондай-ақ, бұрынғы көшелердің көріністері де бүтіндей өзгеріп кетуі мүмкін.

Ауданымыздағы ескі ғимараттар мен бұрынғы көшелер, кезінде оларды  өз көздерімен көрген ересек темірліктердің есінде жақсы сақталған. Ал кейін туылып, оларды көрмеген жастар үшін бұл қызықты та ғибратты тарих. Сондықтан, құрметті оқырмандар, үйлердегі ескі албомдарда сондай сақталып қалған суреттердің көшірмесін, бұл қайсы жердегі, қай ғимарат екенін жазып, редакциямызға әкелуіңізді немесе газеттің төменде көрсетілген электрондық поштасына  жіберуіңізді сұраймыз. Ғимараттар сол кездегі адамдармен бірге түсірілген болса, құба-құп.  Біз мұндай суреттерді газет бетіне, өзіміздің сайтымызға, әлеуметтік желідегі  парақшалармызға жариялаймыз.

Біздің мекен жайымыз: Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 11-үй, «Темір» газетінің редакциясы. Электрондық пошта: temir.gazet72@mail.ru «What’s App» нөмірі +7 778 805 2838.

        Құрметті оқырмандар! Сіздерден ескі суреттер күтеміз!