МӘМС-тегі УАҚЫТША МӘРТЕБЕ

0
60

Өтінімді қалай жіберіге болады?

Өтінімді тек QOLDAU 24/7 МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ЖІБЕРУІГЕ БОЛАДЫ. Өтінімді азаматтардың жеңілдік санатына кіретін, МӘМС жарналарын мемлекет төлейтіңн адамдар ғана бере алады. МӘМС – те уақытша мәртебені 1 рет 1 күнтізбелік айда ғана алуға болады.

Уақытша мәртебені кімдер ала алады?

  • БАЛАЛАР – туу туралы куәлік немесе АХАЖ бөлімінен анықтама.
  • ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР – № 027/у нысаны бойынша емханадан анықтама.
  • ЖҰМЫССЫЗДАР – жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан).
  • З ЖАСКА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУШІ (жұмыс істемейтіндер және күтім бойынша демалыстағылар) баланың туу туралы куәлігі немесе АХАЖ анықтамасы.
  • МҮГЕДЕК БАЛАНЫ КҮТУШІ ЖҰМЫССЫЗДАР – баланың мүгедектігі туралы аныктама және баланың туу туралы куәлігі немесе АХАЖ анықтамасы
  • ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІНДЕР бірінші топтағы мүгедектігі бар адамга күтім жасайтындар (18 жастан асқан) – мүгедектігі туралы аныктама
  • ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫН (ҰОС) КАТЫСУШЫЛАРЫ МЕН АРДАГЕРЛЕРІ, ҰOC кезеңінде алған жараланудан, мертігуден немесе аурудан мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда (казіргі армия мен флоттын әскери қызметшілері, ҰОС партизандары мен астыртын әрекет етушілері, жұмысшылар мен қызметшілер – ардагердің куәлігі немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін/жәрдемақыларды алушының куәлігінде белгісі бар парақтың көшірмелері.
  • ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН АЛУШЫЛАР – жасына байланысты зейнетақы төлемдерін/жардемақыны алушының куәлігі.
  • ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН ҚАНДАСТАР – қандастың жеке куәлігі.
  • КӨПБАЛАЛЫ АНА «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар – маратпатты немесе атақ алуды растайтын құжат.
  • МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР – мүгедектігі туралы анықтама
  • КҮНДІЗГІ ОҚУ НЫСАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАР – оқу орнынан анықтама.
  • ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАР – АӘК алу туралы анықтама.

Сонымен қатар, Әлеуметтік медициналык сақтандыру қоры» КЕАК 2023 жылы 1 маусымнан бастап, 1406 нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылған медициналық сақтандыру жене медициналык көмек керсету

мәселелері бойынша барлық консультацияларды 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына ұсынатынын хабарлайды. Бұл шараны Қор халыққа консультациялық көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету жене жоғалған қоңыраулар үлесін қысқарту үшін қабылдады.

Медициналык кызметтерді тутынушылар күн сайын сагат 9.00-ден 21.00-ге дейін 1414 номірі бойынша консультациялык кемек ала алады, сондай-ак өтініш бере алады немесе медициналык көмектін сапасына шағым калдыра алады.

                  Темір аудандық орталық ауруханасы