мәслихаттар депутаттарының республикалық І форумы

0
43

29 маусым 2023 жылы партия Төрағасы Ерлан Қошановтың басшылығымен өткен  «AMANAT»партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының республикалық І форумы ұйымдастырылды.

Форумға Мәслихат депутаттарының қатысуы кездейсоқ емес, олар әрдайым тұрғындармен байланыста болып, ал тұрғындар партияға, оның жұмысына баға береді. Көпшілік партиясы ретінде «AMANAT» барлық деңгейдегі мәслихаттарда ұсынылғаны бәріміз үшін үлкен жауапкершілік жүктейді.

Алда Мемлекет басшысының көздеген реформаларды іске асыруға бағытталған жұмыстары күтіп тұр. Мәслихат депутаттарына үлкен міндеттер жүктелген. Басты мақсаттардың бірі-сайлауалды бағдарламалардың орындалуын сапалы іске асыру және тұрақты бақылау.

Әділханов Бердіхан Меңдіханұлы,

 аудандық мәслихат депутаты.