Ауқымды мәселелер көтерілді

0
176

АMANAT партиясының мәслихат депутаттарының республикалық форумына қатыстым. Ауқымды іс-шара елордалық конгресс-орталықта өтті және оған еліміздің өңірлерінен барлық деңгейдегі мәслихаттардың 2500 депутаты жиналды.

Форум аясында мәдениет, спорт және туризм мәселелеріне арналған отырыс өткізілді. Депутаттардың, әсіресе жастардың тарапынан мәдениет, спорт және туризм саласына үлкен қызығушылық және белсенділігінің ауқымына қуандым. Тақырыптардың ауқымы өте кең болды. Өңірлік деңгейдегі, республикалық ауқымдағы да мәселелер көтерілді.

Қорытындылай келе, мұндай кездесулер аймақтарда не болып жатқанын білуге, көптеген өткір мәселелерді талқылауға тамаша мүмкіндік екенін көрсетеді. АMANAT партиясы мәслихаттардағы депутаттарының бірінші форумы бұған көз жеткізуге мүмкіндік берді.