Оқырман бізбен бірге
Баспасөз құралдарының қоғамдағы рөлі зор. Оның ішінде газеттің орны айрықша. Сондықтан да болар Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ оған терең мән берген. Сондай тарихы әріде жатқан ауданымыздан шығатын «Темір» газеті биыл 93 жасқа толып отыр.
1930 жылы «Кедей» деген атпен Темір қаласынан жарық көрген газет ғасырға жуық халыққа қызмет етіп келеді. Әрине ішкі жағдайға байланысты оның атауы «Социалды майдан», «Социалистік майдан», «Жаршы» болып өзгеріп отырған. 1972 жылы Темір ауданының қайта құрылуына орай газет
«Жұмысшы туы», «Рабочее знамя» болып екі тілде оқырманға жол
тартты.
Газет – тарихи құжат. Ауданымыздағы барлық салалардың аяқ
аласын, еңбек адамдарының ерен істерін, өнегелі тұлғалардың сара жолын, ауданның тарихын, қоғамның бет-бейнесін – барлығын да газетіміздің қатталған беттерінен табуға болады.
Бүгінгі аудандық «Темір» газеті – өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-
бағдары айқын, тұрақты оқырманы қалыптасқан беделді басылым.
Әрине, осындай тарихи басылым болып абырой асқақтауына,
газеттің айтары көп ақсақалдық, 93 жасқа келуіне, халыққа,
қоғамға үздіксіз мінсіз көрсетуіне журналистік кәсіби шеберлігімен
де, ұйымдастырушылық қабілетімен де өлшеусіз тер төккен, әр
кезеңнің қиындығына мойымай табандылықпен қарсы тұра білген
төмендегі газет редакторларын мереке үстінде мақтанышпен атап өту де-бір ғанибет. Олар – Жиенғали Тілепбергенов, Р.Оразғалиұлы, Хамит Құрмашев, Сағи Шымбаев, Нұрғали Тастанбаев, Қасенғали Әлекенов, Қарағұл Латыпов, Бақытжан Жанасаев, Шубай Бекенов, Мыңбай Төлегенов, Ұзақбай Қауысов, Меңдіхан Әділханұлы, Болат Шаимов. Сонымен қатар, айтулы күнде кезінде газеттің ел арасындағы рөлін арттыруға, мемлекеттің халық үшін жасап жатқан жақсылықтарын паш етуде өз ойларымен, құнды материалдарымен, салмақты ойларымен өлшеусіз үлес қосқан редакция журналистері, әдебиет саласындағы белгілі тұлғалар Есенбай Дүйсенбаев, Табыл Құлиясов, Болат Теміров, Елеусіз Кенебаев, Әбдіғани Әйімбетов, Зейнулла Құлжанов, Мырзабек Бақытов, Ертай Ашықбаевтарды оқырман жұртшылық ыстық ықыласпен еске алады.
Газет қай кезеңде де қызмет аясында уақыттың ,заманның талабына сай өңірдің оң өзгерістерін жария етуде басты міндеттерінің бірі деп санайды. Ол өз жұмысын қоғамның, оқырманның талаптарына, сұраныстарына сай түрлендіріп, өзгертіп отырады. Газеттің Инстаграмдағы парақшасында, ақпарат әлеуметтік желінің форматына сай қысқа да нұсқа беріледі. Фейсбуктегі сайтта көлемді мақалалар жарияланады. Ал газетте жарияланған мақалалардың толық мазмұнын басылымның түпнұсқасынан оқуға болады.
Газет оқырмандардың шығармашылығын шыңдау мақсатында әртүрлі байқаулар өткізуді үрдіске айналдырды. Оған қалың жұртшылық, қабілетті үлкендерден бастап, дарынды жастар белсенді қатысты. Нәтижесінде туған жердің, өскен ортаның тағылымға толы тарихы туралы мәнді жұмыстар жарияланды. Мәні зор осы секілді тәлімдік, танымдық шараларды ұйымдастыруда редакцияның болашаққа белгіленген өз жоспары бар. Қазір «Темір» газеті – ауданның бренді. Оның негізігі мақсаты –
елдің адамзатқа үлгі, ортақ қазына боларлық жағымды бейнесін
таныту, жасау.
Қадірменді оқырмандар! Ауданымыздың тыныс-тіршілігін қырағы қаламынан қалт жібермей, жақсылыққа жанашыр бола жүріп, өзгеге оны үлгі еткен, тың бастамалардың қолдаушысына айналып, қанық ізін суытпай дәріптеп отырған, тынымсыз шығармашылық ізденісте тер төгіп келе жатқан «Темір» газетінің еңбек ұжымы сіздермен әрқашанда бірге.
Бердіхан ӘДІЛХАНОВ,
«Темір» газетінің директоры.