Аудандық мәслихат депутаттары форумға қатысты

0
88

29 маусым күні «Amanat» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының алғашқы форумына ауданық мәслихат депутаттары да қатысты. Форумға партияның фракция, саяси кеңес мүшелері, ҮЕҰ өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы «Amanat» партиясының төрағасы Е. Қошанов: «Біздің алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген жаңа, әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр» дей келе, өңірлерді дамыту, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мәселелеріне тоқталды.

Форум аясындағы пленарлық мәжілісте әр сала бойынша бөлінген мәслихат депутаттарына министрлік басшыларымен кездесудің, сұрақ-жауап, пікір алысулардың мүмкіндігі жасалды.

Мәслихат депутаттары А. Жанекешова мен Х. Нұртұрғанова Ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыров пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусинге көкейіндегі сұрақтарын қойды.

Шын мәнісінде, жергілікті өкілді органның, атап айтқанда аудандық мәслихат депутаттарының жоғары мінбердегі министрлерге тікелей сұрақ қойып, пікір алысу жасауы – бұл Жаңа Қазақстанның белгісі деп білемін. Депутаттар форумда түйген-түсінгендерін өз туған жерін түлетуге арнайды деп есептеймін. Форумнан үлкен әсер алған депутаттардың да алдында зор міндеттер тұр.

                                                                Б. ШАИМОВ, 

                                                           аудандық мәслихат төрағасы,

                                                «Amanat» партиясының мүшесі.