Жоба жүйелі жүргізілуде

0
76

Саркөл ауылдық округінде 4 елді мекен бар. Аула саны 862, халық саны 6 280 адам. «Ауыл халқының табысын арттыру» пилоттық жобасы негізінде округі бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында жобамен 155 тұрғын, 280 миллион теңге несие алуды көздеп отыр. 

Жұмысқа жарамды адамдар, 17 жастан бастап – 3 548, оның ішінде зейнеткерлік жаста болғанымен жұмысқа жарамды – 58 адам бар. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар 15 отбасы (74 адам), өзін-өзі қамтушылар барлығы – 292 кісі.

Ауыл аманаты бойынша келесідей бағыттарда:

  • Құс шаруашылығы бойынша бүгінгі күнге 11 586,0 мың теңгеге 3 жобаның құжаттары тапсырылып, 1-еуі үй құстарын сатып алды.
  • Өсімдік шаруашылығы бойынша нақты 11 100,0 теңгеге 2 жобаның құжаттары толық тапсырылып, қаржысы берілді. Жұмыстары басталды.
  • Кооперативтерді жабдықтау бойынша қазіргі таңда «С-Аксай Агро» шаруа қожалығымен кооператив құру құжаттары талқылануда.
  • Шағын бизнес ашу бойынша қазіргі таңда шағын бизнес ашу бойынша 15 816,0 тг 6 жобаның құжаттары тапсырылып, 4 жоба мақұлданды.

Несие алуға ниетті тұрғындарға тұрақты түрде несие шаттары түсіндіріліп, кепілге қойылатын мүлкінің құжаттарын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Округ бойынша қазіргі таңда жалпы барлығы 11 жоба тапсырылып мақұлданса, 9 жобаның құжаттары дайындалуда.

         Шағын және орта бизнесті дамыту

                   Полуфабрикаттар жасау:

  1. Кулганатов Нурлыбек – 6 700 000 теңге. Барлық құжаттары СПК-ға тапсырылып қаржы берілді. Қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып жұмыстарын бастады.

 

Кондитер-кулинария, наубайхана бойынша:

  1. Табынбаева Акмарал – кондитерлік цех. Қажетті несие – 4 800 000 теңге. Қаржы беріліп, қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, жұмыстарын бастады.
  2. Омарова Жанар – наубайхана ашу үшін қажетті несие — 6 637 000 теңге. Барлық құжаттары жинақталып, СПК-ға тапсырылды.
  3. Ергалиев Жалғас – кондитерлік цех. Қажетті несие — 5 000 000 тнңге. Барлық құжаттары жинақталып, СПК-ға тапсырылып, мақұлданды.
  4. Аплатонова Гулмира – наубайхана мен кондитерлік цех. Қажетті несие — 6 000 000 тг. Барлық құжаттары жинақталып, СПК-ға тапсырылып мақұлданды.
  5. Муханов Шерхан – Сүт өңдеу. Барлық құжаттары жинақталып, СПК-ға тапсырылды.
  • Өсімдік шаруашылығы бойынша:
    1. Сарсенгалиева Багдагул — үй іргесінен бау-бақша егу. Құны – 6 500 000 тг.  Қаржы берілді, жұмыстары басталды.
    2. Әбдіғазы Сандуғаш – бау — бақша егу. Қажетті несие  4 600 000 тг. Қаржы берілді, жұмыстары басталды.
  • Құс шаруашылығы бойынша:
  1. Әбдіғазы Сандуғаш – үй құстарын сатып алу.

Қажетті несие 4 000 000 тг. Қаржы берілді, жұмыстары

басталды.

  1. Кереев Асхат – үй құстарын сатып алу. Қажетті несие 5 586 000 тг. құжаттары СПК-ға тапсырылып мақұлданды.
  2. Муханов Шерхан – Құс өсіру. Барлық құжаттары жинақталып, СПК-ға тапсырылды.

 

Тауарлық несие бойынша «С Ақсай-Агро» ШҚ және «Бабатай» ШҚ-тарымен ауыл тұрғындары арасында   келісімшарт жасалынды.

 

                                                                 Г. ҚОШАНОВ