Тасқопа және Ақсай ауылдық округінде

0
50

Аудан әкімі С. Аманбаев 19 шілде күні Тасқопа ауылдық округінің,  ал 20 шілде күні Ақсай, Ащысай, Бірлік, Шығырлы ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы Б. Шаимов, мекеме мен бөлім басшылары қатысты.

 Аудан әкімі С. Аманбаев Тасқопа ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу кезінде барлық сала бойынша атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін ұсынды. Ауыл халқының табысын арттыру пилоттық жобасына 2023 жылы жалпы сомасы 81,0 миллион теңгеге 27 жобаны жүзеге асыру,  оның ішінде ірі қара малдарын дамытуға – 14 жоба, ұсақ мал шаруашылығына — 2, жылқы шаруашылығына – 4, құс өсіруге – 2, егіншілікке — 2, ШОБ субъектілерін дамытуға 3 жоба жоспарланған. Қазіргі уақытта 9 жоба тапсырылды. Оның ішінде 3 жоба қаржысын алып жұмыстануда. 1 жоба несие алудан бас тартты. 5 жобаның   құжаттары ӘКК-да қаралуда. Осы аптада 4 жобаның құжаттары тапсырылады.
Жиында аудан әкімі мал азығын дайындау мәселесін де көтеріп, округ әкімі М. Қожақоваға бірінші кезекте аудан тұрғындарына жеткізуді қамтамасыз етуді, аз қамтылған отбасыларға ерекше көңіл бөлуді және дала өртінің алдын алу үшін жағдайды қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Сондай-ақ кездесуде тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланып, өзге де сұрақтар бойынша тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Жиналыста ауыл тұрғындары атқарылған істер мен межеленген міндеттерге қанағаттанатындықтарын білдірді. Жиын соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Аудан әкімі С. Аманбаев Тасқопа ауылдық округіне бағытталған жұмыс сапары барысында «Ауыл аманаты» жобасы арқылы  өз кәсібін дөңгелетіп отырған  тұрғындардың кәсібімен танысты. Солардың бірі — Қойшығарин Әміржан Еркінұлы. Ол “Ауыл аманаты” жобасы бойынша  егіншілікке 1. 800 мың теңге несие алып, қазіргі таңда Ащыойыл өзенінің бойынан 2 гектар жерді иегеріп, картоп, асқабақ, қияр, қарбыз өсіріп, халықты жергілікті өніммен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, Абдигалиева Мейрамгүл Куденкоқызы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 4. 250 мың теңгеге құс шаруашылығы бағытына несие рәсімдеп, 180 бас тауық, атап айтқанда орыстың ақ тауығы, бройлер, үй тауықтарын алып, құс шаруашылығын дамытуда. Аудан әкімі «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсібін дөңгелетіп отырған ауыл тұрғындарының қажырлы әрі табанды еңбектеріне табыс тілеп, әрі қарай дамытуды және жергілікті өнімдерді қолдауға басымдық берілетінін айрықша атап өтті.
Аудан басшысы, округ әкімі М. Қожақоваға ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауыл тұрғындары арасында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсіндірме жұмыстарын күшейтуді, сонымен бірге табысы аз ауыл азаматтарын тауарлы несиелендіру бойынша тартуды тапсырды.

Ал 20 шілде күні аудан әкімі С. Аманбаев, Ақсай ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.  Кездесу барысында тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, Ақсай ауылдық округінің әкімі Е.Бегимовтің «2023 жылдың ІI-тоқсаны бойынша
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы
міндеттері туралы» есебі тыңдалды. Кездесуде ақсайлықтар Ақсай ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізу бойынша ұсыныс білдірді. Өз кезегінде аудан әкімі тұрғындар тарапынан түскен әрбір ұсыныс назардан тыс қалмайтындығын және олардың заң аясында шешілуін бақылауына алатынын жеткізді.
Сонымен бірге мұнда да, округ бойынша «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуының барысы талқыланды.  Қазіргі таңда 16 жобаға 64,49 миллион теңгеге құжаттар тапсырылды. Мұның 4-еуі құс, 1-еуі қоян, 1-еуі шаштараз, 2-еуі тігін, 1-еуі жылыжай, 3-еуі бау-бақша, 1-еуі сүт өңдеу, 1-еуі монша, 1-еуі кондитерлік цех, 1-еуі бордақылау  саласына тиесілі. Оның ішінде 5 жоба 21, 025 миллион теңгеге мақұлданып, 11 жоба 43,972 миллион теңге қаржылары бөлініп, жұмыстарын бастап кетті. Енді 3 жобаға құжаттар жинақталуда. Мал шаруашылығы бойынша барлығы 14 жоба жоспарлануда. Оның 7-еуі Ақсайдан, 6-ауы Шығырлыдан, 2-еуі Ащысайдан.
Кездесуді қорытындылаған аудан басшысы, округ әкімі Е.Бегимовке мал азығын дайындауда ертерек қамдануды және дала өртін болдырмау мақсатында ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуді тапсырды. Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

  С. Аманбаев Бірлік ауылының тұрғындармен кездесу барысында, округ әкімі Е. Бегимовтің баяндамасы тыңдалып, жоспарлы жұмыстарға шолу жасалды. Атап айтқанда, Бірлік ауылына кіреберіс автомобиль жолына орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды. Сондай-ақ, ауылдағы ұялы байланыс желісін орнату және олардың қызметін дамыту мәселесі талқыланды. Елді мекенге ұялы байланыс желісін орнату мәселесі бойынша оператормен келіссөздер жүргізілуде.
Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындардың уәжін тыңдады және жеке мәселелері бойынша мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Аудан әкімі С. Аманбаев, Ақсай ауылдық округіне бағытталған жұмыс сапары барысында «Ауыл аманаты» жобасы арқылы ауылда кәсібін дамытып отырған Қ.Жұмабайдың жаңа бастамасымен танысты. Жұмабай Қайырбек Серікбайұлы “Ауыл аманаты” бағдарламасына 2 бағыт бойынша, атап айтқанда шаштараз ашуға 1. 800 мың теңге, құс шаруашылығына 900 мың теңге қаражат алған болатын. Жоба аясында бөлінген қаражатқа 50 бас голланд тауықтарын және қажетті жем-шөп алды. Сонымен қатар, шаштараз кәсібі үшін “Арман” жеке кәсіпкерінен барлық шаштаразға қажетті құрал-жабдықтарын алып, қазіргі таңда өз кәсібін бастап, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Жаңа бастамаларымен танысқан аудан әкімі,  «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсібін дөңгелетіп отырған Қ.Жұмабайға сәттілік тілеп, кәсібін дамытуға, әрі қарай кеңейтуге мемлекеттік бағдарламалардың ұсынған мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.
Аудан басшысы округ әкімі Е. Бегимовке ауылдағы дәстүрлі емес кәсіпкерлікті дамыту  бойынша ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуді тапсырды.

  Аудан әкімі С. Аманбаев Ащысай ауылының тұрғындарымен кездесіп, аудан көлемінде атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді. Ащысайлықтар аудан басшысымен кездесуде елді мекенді газдандыру мәселесін сөз етті. Аталмыш мәселе бойынша округ әкімі Е. Бегимов алдағы жоспарға енгізілгенін хабардар етті. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы туралы толыққанды ақпарат беріп, мал шаруашылығы бағытында елді мекеннен екі жоба жоспарланып жатқанын мәлім етті. Кездесуді қорытындылай келе аудан әкімі, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселер ескерусіз қалмайтынын мәлімдеп, айтылған ұсыныстарға байланысты округ әкімі Е. Бегимовке нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Аудан әкімі С. Аманбаев осы сапарында Шығырлы ауылының тұрғындары алдында да есептік кездесуін өткізді. Кездесуде округ әкімі Е. Бегимов, елді мекенде атқарылған ілкімді істерге тоқталды. Шығырлы ауылының тұрғындары аудан басшысына «Ауыл аманаты» жобасы бойынша сауалдарын жолдады. Қазіргі таңда Шығырлы ауылынан мал шаруашылығы бағыты бойынша алты жоба жоспарлануда.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары балалар ойын алаңының қажеттілігі туындап отырғанын тілге тиек етті. Округ әкімі Е. Бегимов, спорт алаңының құрылысы демеушілік қаражат есебінен салынатынын, әрі жаз мезгілінде аяқталатынын жеткізді. Сондай-ақ, Шығырлы елді мекенінде ұялы байланыс желісін кеңейту мәселесі қарастырылып жатқанын хабардар етті. Есеп беру жиынын қорытындылаған аудан әкімі, айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыстар атқаруды ауылдық округі әкімі Е. Бегимовке тапсырды.

                                                                           ТЕМІР ГАЗЕТІ.