«ҚАРАҚАМЫС ЖӘРМЕҢКЕСІ» ЭТНОФЕСТИВАЛІ ІС-ШАРАЛАРЫ ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0
22

Жуықта, аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Қойшыбаевтың төрағалымен кеңес отырысы өтті. Жиын барысында «Қарақамыс жәрмеңкесі» этнофестивалінің жоспарлануына орай іс-шаралар пысықталды.
      Жиында аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә. Қалмағанбетов пен ішкі саясат және тілдерді дамыу бөлімінің басшысы Ж. Жасақбаева, өткізілетін мерекелік іс-шаралардың тізімін тағы бір мәрте пысықтап, алдағы бекітілген жоспарға сәйкес дайындық жұмыстарының басталып кеткенін жеткізді.
Жиын соңында Ж. Қойшыбаев, «Қарақамыс жәрмеңкесі» этнофестивалін атап өтуге барлығы лайықты деңгейде атсалысуын және жоспардың сапалы деңгейде орындалуын тапсырды.

ТЕМІР ГАЗЕТІ.