БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

0
64

   Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Жастар күніне орай, «ZHASTAR FEST 2023» шарасы аясында аудандық Мансап орталығы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеде ауданның жұмыссыз тұрғындары, әсіресе жастар жағы белсенді түрде қатысып, Мансап орталығының қызметкерлерінен кеңес алды.

Жәрмеңке нәтижесінде 5 адам тұрақты жұмысқа орналастыруға, 6 адамға жастар тәжірибесі арқылы жұмыспен қамтылуға жолдама берілді.
Алдағы уақытта бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке жалғасын табады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.