МЕРЕКЕ ТОЙЛАНДЫ

0
33

1 ҚАЗАН — ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІ, САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ДЕ, АТАП ӨТІЛДІ. МҰНДА «САҒЫНЫШ» ТОЙХАНАСЫНДА ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ҚАРТТАР, МЕРЕКЕЛІК ДАСТАРХАН БАСЫНА ЖИНАЛДЫ.

Шара барысында округ әкімі М. Шүйіншалин, қарияларды құттықтап, туған күн иелеріне құттықтау хат тапсырды. Жиналғандарға арнап мәдениет саласының өнерпаздары ән шырқап, күй тартып, ал балабақша бүлдіршіндері тақпақтар айтып мерекенің көңілді өтуіне үлесін қосқанына риза болған қарттардың өздері де ән шырқап, би биледі.
Шара соңында ардагерлер мерекені ұйымдастырушыларға алғысын айтып, ақ батасын берді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.