ЖОМАРТ ЖАНДАР

0
52

ЖЫЛ САЙЫН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ — МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОСЫ СӘТТЕГІ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ЖЕҢУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ИГІ ШАРА. БИЫЛ БҰЛ ШАРА, САРЫКӨЛ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНДЕ, 2023 ЖЫЛДЫҢ ТАМЫЗ АЙЫНЫҢ 1-інен БАСТАП, ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ. ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ КӨПШІЛІККЕ БЕЛГІЛІ — ӘЛЕУМЕТТІК САНАТТАҒЫ ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚОЛДАУ, КӨМЕК КӨРСЕТУ, БІЛІММЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ.

Акция оқу жылының соңына дейін жалғасады. Осыған орай, акция аясында, Саркөл ауылдық округінің әкімшілігіне өтініш беріліп, сұраныс бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ мен КНГДУ, мектебіміздің бес оқушысына мектеп формасын, спорттық киім, оқу құралдарын, мектеп сөмкелерін табыстады.
Сонымен бірге, жақсылық жасап, жомарт жан атанған кәсіпкерлер — Қалдығожина Райса,Төлегенова Гүлнұр, Шутеева Гүлбақыт мектеп оқушыларына оқу құралдарын алып берді. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», Темір аудандық білім бөлімі қызметкерлері кәсіподақ ұйымы, кәсіпкер Айжарықова Базаргүл, Саркөл ауылдық клуб үйінің меңгерушісі Алматов Талғат – әрқайсысы мектебіміздің бір-бір 1-сынып оқушысына оқу құралдарына толы мектеп сөмкесін табыстады. Ауылымыздың азаматы Мамбетов Берік болса, акцияға өз үлесін қосып,10 000 тенге қаржылай көмек көрсетті. Көрсетілген қаржылай көмекке мұқтаж көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті оқу-құралдары мен мектеп сөмкесі алынды.
Біреуге жақсылық жасап, жасаған жақсылығынан шынайы қуанатын, жомарт жандар жетерлік. Демеушілік жасап, балалардың жүзіне қуаныш сыйлап жатқан осындай жомарт жандарға мектеп әкімшілігі атынан Алғыс білдіреміз. Жомарт жандардың өмірі ұзақ, отбасы бақытты болсын деп тілейміз!
Г. А. МУКАШЕВА,
Сарыкөл ЖОББМ
әлеуметтік педагогі