БАЙҚАУ ӨТТІ

0
54

ТАЯУДА АУДАНЫМЫЗДА, ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ҮЗДІК АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ-2023» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. АТАЛҒАН ШАРАҒА ЕҢБЕК ӨТІЛІ 5-10 ЖЫЛДЫ ҚҰРАЙТЫН 6 МҰҒАЛІМ ҚАТЫСТЫ. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ — МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАТЫН ОРЫНЫН, КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ТАНЫТУ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН ПЕДАГОГТЕРДІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІП, ӨЗАРА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

Байқау екі кезеңнен, біріншісі шығармашылық таныстырылым және екіншісі «Шабыттандырушы әлем — үздік сабағымда» атты бейнесабақ үлгісінен тұрды. Қызықты өткен байқаудың қорытындысында І-ші орынды Еңбекші мектеп-балабақшасынан Саяділ Ұлжан жеңіп алды. ІІ-орын мен ІІІ-орын, ретіне қарай, Қалниязова Несібеліге (Еңбекші мектеп-балабақшасы) және Оразғали Гүлжанарға (Құмсай негізгі орта мектебі) бұйырды. Байқау үздіктері Темір ауданының білім бөлімі тарапынан «Мақтау қағазбен» және қатысқан мұғалімдер — Орын Әлия (Теректі мектеп-балабақшасы), Жұмабаева Айман (Алтықарасу мектеп-балабақшасы), Шамилова Нұршашқан «Алғыс хатпен» марапатталды. Сондай-ақ қатысушыларға, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған бастауыш партия ұйымының бағалы сыйлықтары табысталды.
І-орынды жеңіп алған Еңбекші мектеп-балабақшасының ағылшын тілі пәні мұғалімі Саяділ Ұлжан, енді байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алып, ауданның мәртебесін қорғайтын болады. Жерлесімізге сәттілік тілейміз!
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.